Кәсіптік бағдар беру
2025 жылдың 10 ақпанында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледждің оқытушылары Б. С. Омарова мен Ж. Д. Тлеуова А. Бөкейхан атындағы N25 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді. Кездесу барысында мектеп оқушыларына 2025-2026 оқу жылында колледж ұсынып отырған мамандықтар туралы жан-жақты ақпараттар айтылып, буклеттер таратылды. Оқуға түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керек екендігі түсіндірілді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жастарға өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес мамандық таңдау бойынша кеңес берілді.
Автор:

Сарсенова Шолпан Болатқызы
редакторСтраница создана
10.02.2025
Дата обновления:
04.03.2025
- Новое поле: